
Эскизді (эскиздік жобаны) келісу бойынша мемлекеттік қызмет электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы – «Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының геоақпараттық порталы» https://gov.ggk.kz/ арқылы көрсетіледі.
Қызмет көрсету мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады, бұл өтініштерді қарау рәсімінің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – өтініш берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күніне дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Қызмет көрсету нәтижесі – эскизді (эскиздік жобаны) келісу немесе осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Қызмет тегін көрсетіледі.
Қызметті алу үшін белгіленген үлгідегі өтінішті электрондық түрде, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырып, эскиздік жобаны қоса тіркей отырып жолдау қажет.
Қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
Қызмет алушы порталдағы жеке кабинеті арқылы (gov.ggk.kz) қызмет көрсету мәртебесін қадағалай алады, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы (1414, 8 (72251) 3-33-97) арқылы кеңес ала алады.