
«Абай облысы Курчатов қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Курчатов қаласының «Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты:
Лауазымдық міндеттері:
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын кәсіби талаптар:
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім келесі бағыттар бойынша:
«Гуманитарлық ғылымдар» (мәдениеттану, музыкалық білім беру),
«Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (мемлекеттік, жергілікті басқару, есеп және аудит)
және басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Талапкерлер білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік процестік кодексін», Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексін», Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңдарын және берілген санаттағы нақты лауазымға сәйкес саладағы қатынасты реттеуші Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін міндетті түрде білу.
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру Курчатов қаласы әкімінің ресми интернет-ресурсы сайтында және Курчатов көкжиегі газетінде жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4. Анықтама үшін телефондар: 8 (72251) 3-39-44, 87761662327.