Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады

Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады

       Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы және БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында айқындалған тәртіппен ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2026 жылғы наурыздан бастап БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бұрын 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты оларды төлеу туралы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінбеген зейнеткерлік жасқа толған тұлғаларға ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерінің өтінішсіз тағайындау тәртібі енгізілді.

ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерінің өтінішсіз тәртібі (олар болған жағдайда) келесіні көздейді:

  • ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ тарапынан автоматты түрде тағайындау Мемлекеттік корпорацияға белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен зейнетақы және міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты төлемдер алуға өтінішпен жүгінген кезде;
  • проактивті қызмет шеңберінде ЕЗЖ есебінен төлемдерді жүзеге асыру Мемлекеттік корпорациямен жыл сайынғы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері болған кезде.

    Өтінішсіз тәртіп зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға қатысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне бірыңғай тәсілді белгілеу мақсатында қабылданды. Жаңашылдық ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін оңтайландырады және жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына жеткен, бұрын БЖЗҚ-ға 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты оларды төлеу үшін жүгінбеген адамдардың ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының талап етілмеу тәуекелін жояды.

    Егер ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса (2026 жылы – 828588 теңге (12*69049)), бір реттік төлем ретінде жасалады немесе ай сайынғы кесте бойынша таусылғанға дейін жарналардың міндетті түрлерімен бірге жүзеге асырылады. Алайда алушы БЖЗҚ-ға ЕЗЖ есебінен төлем шарттарын өзгерту туралы өтінішпен жүгіне алады.

       Естеріңізге сала кетейік, 50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында, сондай-ақ Қор кеңсесінде ЕЗЖ есебінен төлемдер алуға БЖЗҚ-ға өтініш бере алады.

   ЕЗЖ есебінен төлемдер алу тәртібі туралы толық ақпаратпен БЖЗҚ сайтында "қызметтер"/"ЕЗЖ есебінен төлемдер" бөлімінде танысуға болады.