2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдум бойынша ақпараттандыру жалғасуда. Қазіргі таңда республикалық референдум туралы толық ақпарат қамтылған байланыс операторларының SMS-хабарламалары мен Egov mobile, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы PUSH-хабарламалардың екінші легі жүруде.
Сонымен қатар республикалық референдумда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз учаскесін келесі тәсілдер арқылы біле алады:
- Жоғарыда көрсетілген QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар сайттың арнайы бөліміне өтіп, онда ЖСН енгізу арқылы өз референдум учаскесін анықтай алады.
- ЖСН енгізу арқылы өз референдум учаскесін табу келесі сілтемелер бойынша да қолжетімді: https://www.gov.kz/referendum?lang=kk https://referendum2026.gov.kz/kk https://referendum.gov.kz/kk.
- Референдумға қатысушыларға кеңес беру үшін Call-орталықтар жұмыс істейді. Call-орталықтар туралы ақпараттар әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарында жарияланған.
- Дауыс беру күні өзінің тіркелген жерінен тыс жерге баратын болса, 2026 жылғы 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін есептен шығару куәлігін алу арқылы дауыс беруге құқылы. Куәлікті алу тәртібі туралы төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.election.gov.kz/kaz/news/releases/index.php?ID=10014.
Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды! Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы