Референдум комиссияларының мүшелеріне арналған каскадты оқыту семинары туралы

Референдум комиссияларының мүшелеріне арналған каскадты оқыту семинары туралы

Курчатов қаласының аумақтақы референдум комиссиясының босатылған мүшелері, 2026 жылдың 5 наурызында әкімдіктің мәжіліс залында 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға дайындық аясында каскадты оқыту семинарын ұйымдастырды. Семинарға учаскелік референдум комиссия мүшелері қатысты.

Семинар барысында референдумды жоғары деңгейде өткізуге бағытталған маңызды тақырыптар талқыланды. Референдумды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі алгоритмдері, референдум комиссияларының қызметін заңнама аясында тиімді үйлестіру, дауыс беру күніне дейінгі және дауыс беру кезіндегі техникалық мәселелер, сонымен қатар, қатысушылар барлық сұрақтар бойынша қажетті түсініктемелер алып, өзара тәжірибе алмасты.

Оқыту соңында қатысушылардың алған білімін тексеру мақсатында тестілеу өткізілді. Тест нәтижелері комиссия мүшелерінің жауапты кезеңге дайын екендігін көрсетті.