Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы

Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының  отырысы

2026 жылғы 25 ақпанда Курчатов қалалық аумақтық референдум комиссиясында мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырыстың басты мақсаты — 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдум кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыру. Референдум учаскелерінің пандустармен, тактильді жолдармен және арнайы кабиналармен жабдықталуын тексеру, көру және есту қабілеті нашар азаматтар үшін брайль шрифтімен жазылған трафареттер мен сурдоаударма қызметінің қолжетімділігін ұйымдастыру.

Жұмыс тобы әрбір азаматтың конституциялық құқығын жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдай жасау – басты басымдық екенін атап өтті.