
Курчатов қаласының аумақтақы референдум комиссиясының босатылған мүшелері, 2026 жылғы 25 ақпанында әкімдіктің мәжіліс залында 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға дайындық аясында каскадты оқыту семинарын ұйымдастырды. Семинарға аумақтық референдум комиссия мүшелерін, сонымн қатар, учаскелік референдум комиссия мүшелерінің төрағаларын, төраға орынбасарларын және хатшылары қатысты.
Семинар барысында референдумды жоғары деңгейде өткізуге бағытталған маңызды тақырыптар талқыланды. Референдумды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі алгоритмдері, референдум комиссияларының қызметін заңнама аясында тиімді үйлестіру, дауыс беру күніне дейінгі және дауыс беру кезіндегі техникалық мәселелер, сонымен қатар, қатысушылар барлық сұрақтар бойынша қажетті түсініктемелер алып, өзара тәжірибе алмасты.
Оқыту соңында қатысушылардың алған білімін тексеру мақсатында тестілеу өткізілді. Тест нәтижелері комиссия мүшелерінің жауапты кезеңге дайын екендігін көрсетті.