БІРЫҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕЗЕК ТАЛОНДАРЫН БРОНДАУ АЛГОРИТМІ

БІРЫҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕЗЕК ТАЛОНДАРЫН БРОНДАУ АЛГОРИТМІ

Талондарды әртүрлі арналар арқылы брондау тәртібі

 1.ХҚКО мобильдік қосымшасы, eGov mobile арқылы:

Көрсетілетін қызметті алушы мобильдік қосымшаға тіркеліп, баруды жоспарлап отырған филиалды, филиалдың бөлімшесін таңдайды. Қолжетімді уақыт интервалына сәйкес келетін қалаған  күні мен уақытты көрсетеді. Брондау талоны туралы растаманы (күнімен және уақытпен) 1414 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы алады.

2.Egov.kz порталы арқылы:

Көрсетілетін қызметті алушы Egov.kz порталы сайтына кіруді ЭЦҚ немесе басқа да сәйкестендіру деректерін пайдалана отырып, жүзеге асырады. Баруды жоспарлап отырған филиалды, филиалдың бөлімшесін таңдайды. Баратын күні мен уақытын көрсетеді. Брондау талоны туралы растаманы (күнімен және уақытпен) 1414 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы алады.