
2026 жылғы 13 ақпан күні сайлауды ұйымдастырушыларды және сайлау процесіне өзге де қатысушыларды каскадты оқыту жоспарына сәйкес, Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту бейнекурсын ұйымдастырды және өткізді. Іс-шараға № 3 және № 4 окруктік сайлау комиссияларының мүшелері, сондай-ақ № 152 және № 153 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты. Оқыту барысында қатысушылар сайлау учаскелерінің қолжетімділігін ұйымдастыру мәселелері бойынша бейнематериалдармен, сондай-ақ сайлау процесінде мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарымен танысты. Бейнекурс аясында презентациялық материалдар мен бейнематериалдар қолданылды. Іс-шара қорытындысы бойынша талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, тәжірибе алмасты.