
Бүгін Абай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жоспарына сәйкес Курчатов қаласының жергілікті атқарушы органы тарапынан қала әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шара халыққа мемлекеттік және өзге де қызметтерді алу мәселелері бойынша түсіндіру және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Жәрмеңке барысында қала тұрғындары ең өзекті әрі сұранысқа ие мәселелер бойынша кеңес алды. Курчатов қаласының тұрғындары жер учаскесін жеке меншікке алу тәртібі, тұрғын үй-жайларды қайта жоспарлау, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты өзге де мәселелер бойынша жүгінді.
Іс-шара қорытындысы бойынша барлық келушілер өздерін толғандырған мәселелерге жан-жақты жауаптар мен қажетті ұсыныстар алды. Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді.