Дүниежүзілік сайлау күніне орай қала жастарына   «Әр дауыс маңызды!» тақырыбында  дөңгелек үстел

Дүниежүзілік сайлау күніне орай қала жастарына   «Әр дауыс маңызды!» тақырыбында  дөңгелек үстел

2026 жылдың 28 қаңтар күні Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күніне орай қала жастарына   «Әр дауыс маңызды!» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты - жастарға сайлау жүйесі, дауыс берудің мәні мен тәртібі туралы түсінік беру, олардың саяси сауаттылығын арттыру. Кездесу ашық диалог форматында өтіті.

Іс-шараның ерекшелігі — жастарға жасанды интеллект көмегімен дайындалған «Әр дауыс маңызды!» атты арнайы бейнеролик көрсетілді. Заманауи технологиямен ұсынылған ақпарат жастардың қызығушылығын тудырып, сайлау процесінің маңыздылығын жаңа қырынан көрсетті.

Жиынның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың сайлау жүйесі туралы таным-түсінігін кеңейтіп, олардың азаматтық белсенділігі мен саяси сауаттылығын арттыру.

Қатысушылар Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына қатысты өзекті сұрақтарына нақты жауаптар алды.