
2026 жылдың 28 қаңтар күні Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күніне орай қала жастарына «Әр дауыс маңызды!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты - жастарға сайлау жүйесі, дауыс берудің мәні мен тәртібі туралы түсінік беру, олардың саяси сауаттылығын арттыру. Кездесу ашық диалог форматында өтіті.
Іс-шараның ерекшелігі — жастарға жасанды интеллект көмегімен дайындалған «Әр дауыс маңызды!» атты арнайы бейнеролик көрсетілді. Заманауи технологиямен ұсынылған ақпарат жастардың қызығушылығын тудырып, сайлау процесінің маңыздылығын жаңа қырынан көрсетті.
Жиынның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың сайлау жүйесі туралы таным-түсінігін кеңейтіп, олардың азаматтық белсенділігі мен саяси сауаттылығын арттыру.
Қатысушылар Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына қатысты өзекті сұрақтарына нақты жауаптар алды.