
2026 жылғы 30 қаңтар күні сағат 10:00-де Курчатов қаласы әкімдігінің ғимаратында (Тәуелсіздік көшесі, 4) әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, спорт, тұрғын үй және сәулет қатынастары бағыттары бойынша мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері жөнінде халықты қабылдау жүргізіледі.
Жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік және өзге де қызметтерді алу барысында туындайтын мәселелер бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу және көмек көрсету. Сіздерді қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес алуға болады.