
2026 жылғы 16 қаңтарда сайлауды ұйымдастырушыларды және сайлау процесіне өзге де қатысушыларды каскадты оқыту жоспарына сәйкес Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту бейнекурсын ұйымдастырды және өткізді.
Іс-шараға № 1 және № 2 аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, сондай-ақ № 150 және № 151 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Оқыту барысында қатысушылар сайлау учаскелерінің қолжетімділігін ұйымдастыру мәселелері бойынша бейнематериалдармен, сондай-ақ сайлау процесінде мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарымен танысты. Бейне курс аясында презентациялық материалдар мен бейнематериалдар қолданылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, тәжірибе алмасты.