
2025 жылдың 12 желтоқсанында Абай облысы Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б. Т Мубаряков каскадты оқыту жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасында сайлау науқандарын ұйымдастыру негіздері: өткізу ерекшеліктері мен кезеңдері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Іс-шара барысында сайлау құқығының негізгі қағидаттары, сондай-ақ сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізуге қатысты мәселелер қаралды.
Жиынға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойды, пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.
Мұндай іс-шаралар сайлау барысының заңдылықтарын сақтау мен электоралды мәдениетті арттыруда маңызды рөл атқарады.