15 танымал қызмет

15 танымал қызмет

      eGov электрондық үкімет порталы арқылы үшінші тұлғалар туралы мәліметтерді алу сервисі іске қосылған. Аталған сервис азаматтарға халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) жеке бармай-ақ қажетті ақпаратты онлайн түрде сұратуға мүмкіндік береді.

Порталда төмендегі қызметтер қолжетімді:

1.Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

2.Наркологиялық динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама;

3.Мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін немесе мұрағаттық үзінділерді алу;

4.Психикалық денсаулық орталығынан (психиатрия) мәліметтер беру;

5.Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталынан анықтамалар;

6.Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;

7.Жеке тұлғаның атына тіркелген жылжымайтын мүліктің бар/жоқтығы туралы анықтама;

8.Фтизиопульмонология орталығынан (фтизиатрия) мәліметтер беру;

9.Банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан 6 ай мерзімге өз еркімен бас тарту туралы өтініш беру;

10.Бірінші кредиттік бюродан несиелік тарихты алу;

11.Емханаға тіркелу;

12.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінен тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы мәліметтер алу;

13.Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшы қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат;

14.Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы ақпарат;

15.Тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны жөніндегі мәліметтер.

Жоғарыда көрсетілген қызметтер азаматтарға және ұйымдарға қажетті мәліметтерді алу үдерісін оңайлатып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.