
Абай облысы білім басқармасының «Курчатов қаласының білім бөлімі» ММ (бұдан әрі – білім бөлімі) Курчатов қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
Өтініште «Мектепке дейінгі ұйымның атауы» жолында заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы БСН және бірегей анықтама нөмірі көрсетілуі қажет;
2) Мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпаратты;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыруға арналған лицензия (сыйымдылығы үш топқа дейін);
4) Педагогтік немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмесі;
5) Ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесі (бар болса).
Басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды қабылдауды білім бөлімі мына мекен-жай бойынша жүзеге асырады: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4 2025 жылғы 7 -11 қараша аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) немесе электрондық поштаға: goo_kurch@mail.ru
Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды 2025 жылғы 26 қарашаға дейінгі мерзімде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) қарайды.
Курчатов қаласының білім бөлімі