
2025 жылдың 28 қазанында Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы каскадты оқыту жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасында сайлау науқандарын ұйымдастыру негіздері: өткізу ерекшеліктері мен кезеңдері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар жұмысына Курчатов қаласының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Іс-шара барысында сайлау құқығының негізгі қағидаттары, сондай-ақ сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізуге қатысты мәселелер қаралды. Қатысушылар белсенділік танытты, сұрақтар қойды, пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.