
Қазақстан Республикасының күніне арналған мереке Курчатов қаласында «Курчатов қаласының құрметті азаматы» төсбелгілерін салтанатты түрде табыстау рәсімімен атап өтілді. Бұл жоғары марапат қала дамуына елеулі үлес қосқан, еңбегі мен ісіне адалдығы арқылы жерлестерінің құрметі мен алғысына ие болған тұрғындарға берілді. Құрметті атақ иегерлері – Айдын Мукатайович Нурланов пен Кульбаршын Қаратаевна Михальченко. Олар– өз еңбегімен көпке үлгі болған жандар. Айдын Мукатайович «ККЭК» ШЖҚ КМК құрылуының бастауында тұрған және осы салаға отыз жылдан астам өмірін арнаған. Ол қала тұрғындарының зор құрметі мен ризашылығына ие. Ал Кульбаршын Каратаевнаны Курчатов қаласының әр тұрғыны біледі – дәл оның еңбегі мен командасының қажырлы жұмысының арқасында қаламыз кез келген ауа райында таза әрі көрікті. Оның басшылығымен «Жасыл ел» жауынгерлері алғашқы еңбек тәжірибесін алып, өз қаласына деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті бойларына сіңіреді.
Біз өз жерлестерімізді мақтан тұтамыз, олардың қаламыздың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз және оларға зор табыс, мықты денсаулық пен амандық тілейміз!