Курчатов қаласы әкімінің аппаратында Абай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінің өкілімен кездесу өтті

Курчатов қаласы әкімінің аппаратында Абай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінің өкілімен кездесу өтті

    Кеше Курчатов қаласы әкімінің аппаратында Абай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінің өкілі -Хусайнов Дулат Маратұлымен кездесу өтті.
Аталған іс — шараға Курчатов қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі-Дюсенбаев Бауыржан Тұрарбекұлы, сондай-ақ бөлім басшылары қатысты .
Әңгімелесу барысында Дулат Маратұлы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауға қатысты өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ қызметтік автокөлікті жұмыс уақытынан тыс уақытта жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу туралы еске салды.
Мемлекеттік қызмет өткеру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар қызықтырған сұрақтарын белсенді түрде қойып, департамент өкілі егжей-тегжейлі түсіндірмелер мен практикалық ұсыныстар берді.
Соңында Әдеп жөніндегі уәкіл Бауыржан Тұрарбекұлы адалдық, ашықтық және қызметтік тәртіп қағидаттарын мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ мазмұнды кездесу үшін департамент өкіліне алғысын білдірді.
Мұндай іс-шаралар этикалық стандарттарды одан әрі нығайтуға және Мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.