
Жыл сайын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі БЖЗҚ, Қор) БАҚ өкілдерін, блогерлерді, сондай-ақ, журналистика факультеттерінің студенттерін барлық мақсатты аудиториялар үшін қызықты болатын жедел және өзекті материалдарды дайындау құпияларымен бөлісу үшін жинайды.
Биыл бұл іс-шара аралас форматта ұйымдастырылмақ: БЖЗҚ-ның Алматы қаласындағы Орталық аппаратында (Самал-2, 97-үй) офлайн өткізілсе, еліміздің басқа қалаларындағы тыңдаушыларымыз бен спикерлер шараға онлайн қосыла алады.
2025 жылдың 20 қарашасында баяндамалар орыс тілінде, 21 қарашасы күні қазақ тілінде 10-00 бастап 12-00 дейін оқылады.
Курс бағдарламасында түрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады:
- Әлемдегі зейнетақы жүйелерінің түрлері мен негізгі түсініктері, демографиялық трендтердің зейнетақымен қамсыздандыруға әсері. Қазақстандағы зейнетақы жүйесі. БЖЗҚ қызметі (Неліктен көптеген елдер зейнетақы жүйесінің жинақтаушы және аралас түріне көшуде?
- Зейнетақы активтерін ҚР ҰБ-тың басқаруы (зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланатыны туралы таныстырылымды ҚР Ұлттық банкінің басқарушылары ұсынады).
- Зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруда. Инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар туралы ақпаратты қайдан алып оқуға болады?
- Зейнетақы жинақтарынан төлемдер. Зейнетақы төлемдеріне салықтар.
- БЖЗҚ-ның ақпараттық жұмысы. ЖЗЖ туралы қызық материалды алғашқы көзден алынған ақпараттар негізінде қалай дайындауға болады? (БЖЗҚ-ға, ҚРҰБ-қа, ЕХӘҚМ-ге, ҚНРДА-ға қандай сұраныстармен жүгінген жөн, Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпарат алудың тікелей арналары: enpf.kz сайты, әлеуметтік желілер, press@enpf.kz, БЖЗҚЕНПФ YouTube-арнасы - қазақстандық және халықаралық сарапшылардың эксклюзивті пікірлері)
Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді өзіңіз туралы:
мәліметтерді көрсете отырып, press@enpf.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет.
Шақыру сілтемесі Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.
Семинар бағдарламасы қосымша тіркелген.