Біз «Халық заңгері» республикалық акциясын өткізуді қайта бастаймыз, осы акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін консультация алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады.
Акция Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі 2, (Мәдениет үйі)
2025 жылдың 31 қазан күні сағат 17-00 ден бастап өтеді.
Мемлекеттік органдар, қаланың заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап, кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз.