Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен халықты дер кезінде орналастыру

Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен халықты дер кезінде орналастыру

      Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен халықты дер кезінде орналастыру және оларға көмек көрсету мақсатында Курчатов қаласы аумағында (немесе елді мекен атауы көрсетіледі) зардап шеккен азаматтарды қабылдау пункттері айқындалды.

Әрбір қабылдау пункті халықты нақты және қауіпсіз эвакуациялауды ұйымдастыру мақсатында қаланың белгілі бір көшелері мен шағын аудандарына бекітілген.

Қабылдау пункттерінің негізгі міндеттері:

  • эвакуацияланған азаматтарды тіркеу және есепке алу;
  • уақытша орналастыруды қамтамасыз ету;
  • алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету;
  • ыстық тамақ, ауыз су және алғашқы қажетті заттармен қамтамасыз ету;
  • туыстар мен тиісті қызметтерді хабардар етуді ұйымдастыру.