7 қазанда Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті

7 қазанда Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті

      7 қазанда Курчатов қаласының Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.
Отырыс барысында Қоғамдық кеңес төрағасы Б.Е. Бекмагамбетовтің кеңес құрамынан шығу туралы өтініші қаралды, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің жаңа төрағасын сайлау және оның өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін орнына жаңа мүшені енгізу мәселелері Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9-бабының 9 және 10-тармақтарына сәйкес қаралды. Ашық дауыс беру нәтижесінде көпшілік дауыспен Б.Е. Бекмагамбетов Қоғамдық кеңес құрамынан шығарылды, кеңес төрағасы болып Д.В. Сараев сайланды, ал резервтен Ж.Е. Шаушимова Қоғамдық кеңес құрамына енгізілді.