Курчатовта атом саласы қызметкерлерінің күні атап өтілді

Курчатовта атом саласы қызметкерлерінің күні атап өтілді

26 қыркүйек күні Қалалық мәдениет үйінде Атом саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара мен мерекелік концерт өтті.
Бұл кәсіби мерекенің Курчатов қаласы үшін маңызы ерекше, себебі дәл осы қалада Қазақстан атом ғылымының қуатты ғылыми және өндірістік әлеуеті шоғырланған.
Салтанатты жиында атом саласының қызметкерлері мен ардагерлерін Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев құттықтап, оларға кәсіби біліктілігі мен өз ісіне адалдығы үшін алғысын білдірді. Қала әкімі өз сөзінде мамандардың қала дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтіп, бірқатар қызметкерлерге грамоталар мен Алғыс хаттар табыстады. Әріптестеріне бейнеқұттықтау жолдаған Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Э.Г. Батырбеков жылы лебізін білдірді.
Атом саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапаттарды С.С. Локштанов та табыстады. Салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасты. Шара соңында өнер көрсеткен артистерге алғыс ретінде Ұлттық ядролық орталық атынан гүл себеті табыс етілді.