Мемлекеттік қызметтегі этика – жауапкершілік пен сенімнің негізі, себебі мемлекеттік қызметші – қоғамның айнасы, билік пен халық арасындағы алтын көпір.

Осы тұрғыда 2025 жылғы 15 қыркүйекте Курчатов қаласының әдеп жөніндегі уәкілі Б. Дюсенбаевтың қатысуымен қала әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын түсіндіруге арналған кездесу өткізілді.
Қызметкерлерге Әдеп кодексінің талаптары мен мемлекеттік қызметшінің жүріс-тұрыс стандарттары жан-жақты түсіндірілді. Аталған нормаларды күнделікті қызмет барысында ескеру қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, ұжымда өзара сенім мен құрметті нығайту мақсатында анонимді сауалнама жүргізіліп, оның аясында қызметкерлердің ішкі климатқа қатысты пікірлері жиналып, жан-жақты талдау жүргізілді. Бұл мемлекеттік қызметшілер үшін жайлы және сенімді жұмыс ортасын қалыптастырудағы маңызды қадам болды.
Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында этикалық нормаларды сақтау мәдениетін қалыптастыру, олардың құқықтық және моральдық жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау болды.