Қала әкімі Б.Абдралиев Мемлекет Басшысының Жолдауын талқылауға арналған қалалық актив отырысын өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің белсенділері, ардагерлер мен жастар қатысты.
Өз сөзімде Президент Жолдауы – алдағы бірнеше жылға ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын стратегиялық құжат екенін атап өттім. Құжатта халықтың өмір сүру сапасын арттыру, экономиканы дамыту, цифрландыру, білім беру, денсаулық сақтау, отбасылар мен жастарды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылған. Актив қатысушылары Жолдауда қойылған міндеттерді іске асыру барлық билік деңгейлері мен қоғам өкілдерінің күш-жігерін біріктіруді талап ететінін атап өтті. Талқылау барысында Президент Жолдауы болашаққа деген сенімді нығайтып, өңірлердің, соның ішінде біздің қаламыздың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатыны жөнінде пікірлер айтылды. Біз бәріміз бірге реформалардың табысты жүзеге асуы – әрбір азаматтың белсенді қатысуы мен ортақ жауапкершілігіне байланысты деген ойдамыз.