2025 жылғы 9 қыркүйекте Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№4 орта жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де өзін-өзі басқару жобасы аясында мектептегі сайланбалы лауазымдарға кандидат болғысы келетін оқушылар үшін шеберлік сыныбы өтті.
Іс-шара оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту жобасы аясында ұйымдастырылып, азаматтық белсенділікті арттыруға, көшбасшылық қабілеттерді дамытуға және мектептегі сайлау үдерісіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталды.
Шеберлік сыныпқа қатысушылар сайлау процесінің негіздерімен танысып, үгіт-насихат науқанын жүргізу ережелерін білді.