Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Абай облысы Курчатов қаласының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, қаламыздағы жалпы білім беретін орта мектептердің жас сайлаушылары үшін «Мен – болашақ сайлаушымын: менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың азаматтық белсенді ұстанымын қалыптастыру және сайлау процесіне саналы қатысу маңыздылығын түсіндіру.
Дәріс барысында оқушылар Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің негіздерімен, Конституцияның рөлімен және азаматтардың сайлау құқығымен танысты. Сонымен қатар, жас буынның ел болашағын қалыптастырудағы маңыздылығы мен сайлауға қатысудың жауапкершілігі туралы мәселелер қозғалды.