Кеше қала әкімі әкімдік отырысын өткізді. Оның барысында «Курчатов қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 2024–2025 оқу жылындағы бастапқы әскери дайындықтың жай-күйі және 2025–2026 оқу жылына арналған жоспарлар», «Тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын, әлеуметтік сала объектілерін, тұрғын үйлерді алдағы жылыту маусымына дайындау барысы», «Қалада абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар», «Қаланың мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері», «Жалпы білім беретін мектептердің 2025–2026 жаңа оқу жылына дайындығы туралы» мәселелер қарастырылды.
Барлық мәселелер тыңдалып, тиісті ұсынымдар берілді.