Кеше қала әкімі Б.Абдралиев «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған жиналыс өткізді. Бұл бағдарлама қалалық аумақтардың санитарлық жағдайын жақсартуға және абаттандыруға бағытталған.
Бағдарламаның негізгі мақсаты — біздің қаламызды таза, өмір сүруге қолайлы ету. Жиналыс барысында негізгі міндеттер талқыланды: сенбіліктерді ұйымдастыру, ұйымдар арасында жауапкершілік аймақтарын бөлу, тұрғындарды көшелерді, аула мен қоғамдық орындарды ретке келтіруге бірлесіп қатыстыру.
Сондай-ақ, заңсыз қоқыс төгетін орындарды жоюға, жол бойындағы аумақтарды тазалауға және жасыл аймақтарды ретке келтіруге баса назар аударылды. Кәсіпорындар, оқу орындары мен еріктілердің белсенді қатысуы жоспарлануда.
Таза қала — әрқайсымыздың қамқорлығымыз, сондықтан барлық қала тұрғындарын бастаманы қолдап, ортақ іске өз үлесін қосуға шақырамыз.