Курчатов қаласында адам саудасының алдын алу бойынша рейдтік іс-шара өтті
2025 жылғы 21 тамызда Қала әкімінің 2025 жылғы 20 тамыздағы №53 өкімі негізінде құрылған жұмыс тобы адам саудасының алдын алу және құрбандарын анықтау мақсатында рейдтік іс-шара және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізді.
Іс-шара барысында Курчатов қаласы аумағында тіркелген «ҰЛАН» ШҚ, Еппаев Жұмағазы және Төлеуханұлы Қабдрашит басқаратын шаруа қожалықтарының иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тақырып – адам саудасының алдын алу, еңбек құқықтары және қауіпсіздік мәселелері бойынша.