Бүгін Курчатов қаласының әкімі Абдралив Б. Т. қалалық әкімдіктің отырысын өткізіп, онда келесі мәселелер қаралды: «Қаланың 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы», «2025 жылдың бірінші жартыжылдығында республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер мен жергілікті бюджет қаражатының игерілуі туралы», «2025 жылдың 6 айында жер учаскелері иелері мен жер пайдаланушыларды есепке алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы», «Курчатов қаласының полиция бөлімімен ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзуға жол бермеу бойынша жүргізілген жұмыс туралы». Барлық мәселелер тыңдалып, олар бойынша ұсыныстар берілді.