
Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Курчатов қаласында облыстық «Аяулы жас келін – 2025» байқауы өтті. Бұл – өңірдің әр түкпірінен келген ең үздік, ең талантты жас келіндер жиналған жарқын әрі маңызды мәдени шара болды.
Курчатов қаласының әкімі Абдралиев Б. Т. байқауға қатысушыларды құттықтап, оларға шабыт, сенімділік пен жарқын өнер көрсету тіледі.
«Халықта: “Жақсы келін – алтын қазық” деген сөз бар. Шынында да, жас келіннің қолында – отбасыдағы жайлылық, тәртіп пен татулық. Ол – болашақ ана, салт-дәстүрдің сақтаушысы, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі. Осындай байқаулар келіннің, жалпы әйел адамның қоғамдағы және отбасындағы рөлін айқындай түсуге мүмкіндік береді», – деді Болат Тансықбаевич.