Бүгін Курчатов қаласының әкімі Болат Тансыкбаевич Абдралиев халықпен есептік кездесу өткізді

Бүгін Курчатов қаласының әкімі Болат Тансыкбаевич Абдралиев халықпен есептік кездесу өткізді

          Бүгін Курчатов қаласының әкімі Болат Тансыкбаевич Абдралиев халықпен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында өткен кезеңдегі жұмыс қорытындыланып, алдағы уақыттағы қаланың дамуының басым бағыттары айқындалды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Болат Тансыкбаевич әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды іске асыру сияқты негізгі бағыттар бойынша егжей-тегжейлі есеп ұсынды.
Әкімнің баяндамасында қала тұрғындарын толғандыратын мәселелер: тұрғын үймен қамтамасыз ету, аулаларды абаттандыру, жолдарды жөндеу, инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында тұрғындар белсенді түрде сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтып, шешілуі қажет маңызды мәселелерді көтерді. Мұндай кездесулер билік пен халық арасындағы кері байланыстың маңызды құралы болып табылады және биліктің ашық, сындарлы диалогқа дайын екенін көрсетеді. Ең бастысы – тұрғындармен бірлесе отырып, өмір сүруге, жұмыс істеуге және дамуға қолайлы Курчатов қаласын құру болып табылады.
Кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді.