Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара

Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара

        Бүгін Қалалық мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік атмосферада Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады. Бұл күн мемлекеттің дамуы, тұрақтылықты нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жауапкершілігі жүктелген адамдардың мерекесі!
Олардың еңбегін бағалау ретінде кәсібилігімен, еңбекқорлығымен және бастамашылдығымен әріптестеріне үлгі бола білген қызметкерлерге алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыс етті.