Бүгін біз ерекше күн – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтудеміз. Бұл күн әрбір қазақстандық үшін маңызды, өйткені ол біздің тәуелсіздігімізді және еліміздің көпұлтты халқын біріктіретін ортақ құндылықтарды бейнелейді.
Мемлекеттік рәміздер – ұлт рухының, абыройының, тарихы мен ұмтылыстарының айнасы. Қазақстанның Мемлекеттік Туы астында біз бірлік пен тәуелсіздіктің қуатын сезінеміз, Гимн шырқалғанда кеудемізді Отанға деген мақтаныш сезімі кернейді. Мемлекеттік Елтаңба – еліміздің барша азаматтарының бірлігінің нышаны. Бұл рәміздер әрбір қазақстандықтың жүрегінде елге деген шынайы мақтаныш сезімін оятады және бізді – қиын сәттерде де, ұлы жетістіктер мен жеңістер кезеңінде де біріктіреді.
Бүгін біз еліміздің егемендігімен, бай мәдениетімен, мемлекеттік тілімен және теңдесі жоқ көпұлтты бірлігімізбен мақтана аламыз. Мемлекеттік рәміздер – осы ортақ тарих пен құндылықтардың ажырамас бөлігі болып табылады және олар еліміздің дамуы мен өркендеуі жолындағы біртұтас ұмтылыста барлық қазақстандықтарды біріктіреді. Сондықтан да біз балаларымызға кішкентай кезінен бастап осы рәміздерге құрметпен қарауды, Отанға деген мақтаныш сезімін және ұлттық құндылықтарды сақтау маңыздылығын сіңіреміз.
Құрметті жерлестер! Біз бәріміз бір Тудың астында өмір сүріп, елдің гүлденуі мен бейбітшілігі жолында бірігіп еңбек етудеміз.
Қазақ елінің Туы бейбіт аспан астында асқақ желбірей берсін, Елтаңбамыз – барша жұртты біріктірсін, ал Гимн– әр жүректе Отанға деген мақтанышпен шырқалсын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Мерекелеріңізбен!
Құрметпен Курчатов қаласының әкімі Абдралиев Б. Т.