2025 жылдың 11 маусымы күні "БЖЗҚ" АҚ-да  "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбына арналған "Ашық есік күні" өтті

2025 жылдың 11 маусымы күні "БЖЗҚ" АҚ-да  "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбына арналған "Ашық есік күні" өтті

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 11 маусымда "БЖЗҚ" АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) барлық филиалдарында "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында дәстүрлі "Ашық есік күні" өткізілді.

Соңғы уақытта алаяқтар халықты алдаудың жаңа да тың тәсілдерін ойлап табуда. Олар әлемнің кез келген елінде болуы мүмкін және телефон нөмірлерін көбіне INTERNET желісінен табады. Мысалы, тегін хабарландыру сайттары арқылы әлеуметтік желілердегі аты мен әлеуметтік жағдайын әртүрлі мессенджерлер мен қызметтер арқылы біліп алады. Осылайша олар өз құрбандарын адастырып, сенімдеріне кіруге тырысады. Өзіңізді және жақындарыңызды осындай алаяқтардан қорғау үшін зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылық, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері туралы білім деңгейіңізді үнемі арттырып отыру қажет.

Алаяқтардан қорғану тақырыбына арналған онлайн-кездесуде Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндап, ақпаратты ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың неліктен маңызды екенін, қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді. Кездесу қонақтарына азаматтарға қатысты жасалған кейбір заңсыз алаяқтық әрекеттер мысал ретінде келтіріліп, осындай жағдайларда қандай іс-қимылдар жасау керек екендігі жөнінде ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етті.

Негізгі тақырыпты талқылай отырып, БЖЗҚ бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, жеке мәселелер бойынша ақыл-кеңес те беріп үлгерді.

Онлайн кездесу салымшылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың пікірлері бойынша пайдалы және нәтижелі болды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтары туралы мәліметтерді Қордың кез келген бөлімшесінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта мекенжайына немесе БЖЗҚ сайты (www.enpf.kz) немесе ұялы қосымшасы арқылы, сондай-ақ электрондық үкімет сайтында (www.egov.kz) онлайн режимде тегін ала алады.

Кез келген кеңесті БЖЗҚ бөлімшелерінен немесе қашықтан: Facebook, Telegram, В контакте, Х (Twitter) және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsАрp көмегімен, сондай-ақ  байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалып, көпарналы тегін байланыс арқылы алуға болады.  

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10-60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған "Онлайн қоңырау шалу" сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар.