Құрметті Курчатов қаласының тұрғындары!
Сіздерді 31 мамыр күні сағат 09:30-да жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырамыз.
Тұрғындарымызды белсенділік танытып, бейжай қарамай, көршілері мен таныстарын да сенбілікке қатысуға үндеуге шақырамыз. Әркім өз ауласында тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, қоршаған ортаның таза болуына үлес қоса алады.
Курчатов – біздің ортақ үйіміз. Оның тазалығы мен тәртібі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.
Қаламыздың шын мәнінде таза болуы үшін әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек.
Таза қала – ең алдымен осы жерде тұрып жатқан өзіміз үшін қажет.
Қоқысты шығару мәселесі бойынша +7 747 817 3197 телефонына хабарласуға болады.