Құрметті Курчатов қаласының
тұрғындары!
Ағымдағы жылдың 30 мамырында сағат 17:00-ден 18:30-ге
дейін жыл сайынғы «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізілетін болады.
Акция шеңберінде заңгерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері күні бойы халыққа ақысыз заңгерлік көмек керсетеді, сонымен қатар мемлекеттік органдардың өкілдерінен өзіне қажетті мәселелер бойынша түсініктеме ала алады. Сонымен қатар, мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдері азаматтарды қабылдайды. Кез-келген азамат қажетті заңгерлік және басқа кеңес ала алады.
Өтетін орны: Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 2, 2 қабат (қалалық мәдениет үйі).
Курчатов қаласының әкімдігі