«Соңғы қоңырау»

«Соңғы қоңырау»

Бүгін қаланың мектептерінде ерекше атмосфера орнады — салтанатты, толқулы және сәл мұңды. «Соңғы қоңырау» бұл маңызды күнге қатысы бар барлық жандарды — мұғалімдерді, ата-аналарды, оқушыларды және, әрине, басты кейіпкерлер — мектеп бітіруші түлектерін біріктірді.
Бүгінгі күні, кем дегенде 83 Курчатов қаласы түлегі үшін бұл күн мәңгілікке есте қалады, өйткені олар соңғы рет оқушы ретінде өз мектебінің табалдырығын аттады. Бұл — уайымсыз балалықпен қоштасу және ересек өмірге алғашқы қадам жасау сәті.
Мерекенің соңғы аккорды өмірдің бір маңызды кезеңінің аяқталуы мен үміт пен жетістіктерге толы жаңа кезеңнің басталуының символы болып табылатын Соңғы қоңырау болды.
Құрметті түлектер, сіздерге шын жүректен сенімділік, емтихандарда сәттілік, мамандықты дұрыс таңдау және қалаған жоғары оқу орнына түсуге тілектеспіз. Жүректеріңізде мәңгі қалатын алғашқы ұстаздарыңыз бен мектепте өткен жылдарыңызды ұмытпаңыздар.
Барлық оқушыларға — көңілді, шуақты жазғы демалыс тілейміз! Демалып, күш жинап, келесі оқу жылында жаңа жетістіктерге жету үшін шабыттанып келіңіздер!