2025 жылғы 19 мамырда Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыста балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, оларды жұмыспен қамту және білім беру мекемелеріндегі кәсіби бағдар беру мәселелері талқыланды.
Назар аударылған негізгі бағыттар:
•жастарды жаз кезінде жұмысқа орналастыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағдарламалары;
•оқушылардың кәсіби бағдарлануы;
•жаз мезгілінде қашықтан және онлайн бағдарламаларды ұйымдастыру;
•кәмелетке толмағандарды қауіпсіз әрі мазмұнды іс-шаралармен қамту.
Сондай-ақ екі отбасының ата-аналық міндеттерін тиісінше орындау мәселелері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.