
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2013 жылы 23 маусым мемлекеттік қызметші күні болып бекітілді.
Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда жетекші рөл атқаратын бүкіл мемлекеттік жүйенің маңызды элементтерінің бірі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тек тиімді мемлекеттік билік халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге қабілетті. Осындай ауқымдағы міндеттерді мемлекеттің - мемлекеттік қызметшілердің қызметіндегі жеке құрамның нақты іс-қимылдары арқылы іске асыруға болады. Басқаша айтқанда, кез-келген ұйымдасқан қоғамда мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз мүмкін емес.