Жылыту маусымы: қауіп пен сақтық
Жылыту маусымы – өрттердің туындау себептері әдеттегіге қарағанда анағұрлым көп болатын кезеңі. Өйткені қатты отынмен жанатын пештердің ақаулы болуы,өртке қарсы арақашықтықтың сақталмауы өрт туындауының басты себебі болуы мүмкін.
Пеш - бұл тек жылу көзі ғана емес, сондай-ақ өрттің туу мүмкіндігі екенін де есте сақтау керек. Көбінесе пештерді қараусыз қалдырғанда қауіп көп төнеді. Пәтер жалдаушылар мен үй иелерінің сақтық шаралары туралы ұмытып кетуі алаңдатады. Біріншіден, жанудың себебі пештерді орнату қағидасын бұзудан болуы мүмкін. Бұл түтін құбырларының өту орындарын жеткіліксіз бөлу, пеш және қабырға арасында бос орындарының аз болуы. Бұған қосымша пеш алдында отқа төзімді темір табанның болмауын жатқызуға болады, осының салдарынан түскен көмірден еден тұтанады.
Тағы бір зардап – бұл пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидасын бұзу, кейде жылыту аспаптары толық жарамды болған кезде де қиын жағдайлар туындайды. Пешті бензин, керосин немесе басқа да тез тұтанатын сұйықтармен жағу кезінде және ұзындығы пештің өлшемінен асатын ағаш отынды пайдаланғанда, сондай-ақ пешті шамадан тыс қыздыру жиі қателіктерге ұрындырады. Пештің үстінгі жағы жылу екпінінен аса тиісті температураға дейін қызады. От жағу аяқталғаннан кейін, бірнеше уақыт өткен соң кірпіштің сыртқы және ішкі беттерінде температура бірдей бола бастайды, бұл пештің шамадан тыс қызуына әкеп соғады. Осыны болдырмау үшін, жанатын отынның көлемін қатаң қадағалау қажет. Көп уақыт жанбаған суық пешті жұмыс температурасына баяу жағып, кептіру қажет. Ол үшін отынды жағар алдында аз салу керек. Сондай-ақ жанып жатқар пешті балаларға қадағауды тапсырмаңыз және балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыздар.
Өрт шыққан жағдайда, ең алдымен «101» номерін теріп, өртке қарсы қызметін шақырыңыз. Өз мекен-жайыңызды дұрыс жеткізіп, өртеніп жатқан жерді сипаттап беріңіз. Өрт сөндірушілер келгенше, өрт көзін жабуға әрекет жасаңыз. Өрт өршіп кетсе және Сіздің оны оқшаулауға шамаңыз келмесе электр ажыратқышты өшіріңіз. Егер мүмкін болса, өрттің өршуін көп еселейтін газ баллонды сыртқа шығарып, есіктерді жауып, өртеніп жатқан жерден қауіпсіз аймаққа шығыңыз.