Көкпекті ауданында терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

Көкпекті ауданында терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында ауданның терроризмге қарсы комиссиясы төрағасының орынбасары мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен отырыс өткізді.

Отырыс барысында оқушылар арасында профилактикалық іс-шараларды қамтамасыз ету, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар жасауға жол бермеу және жасалған құқыққа қайшы әрекеттер үшін құқықтық жазаның бұлтартпаушылығы туралы шаралар қаралды.

Аудан халқының діни сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды.

Отырыс нәтижелері бойынша терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы шараларды жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырмалар қабылданды.