Көкпекті ауданының әкімі Қошқарбаев Нұрбек Тұрсынқанұлы Үлкенбөкен ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жансары ауылының тұрғындарымен өткен кездесуден кейін ауданымыздағы іргелі елді мекендердің бірі – Үлкенбөкен ауылына барып, ауыл тұрғындарымен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу барысында Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі Ержан Қалибекұлы 2025 жылы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Атқарылған істер мен жоспарланған жобалар ауылдың дамуына бағытталған жүйелі жұмыстың бар екенін көрсетті.
Өз кезегімде ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына тоқталып, 2026 жылға арналған негізгі басым бағыттарды таныстырдым. Тұрғындармен ашық форматта пікір алмасып, олардың ұсыныстары мен өзекті мәселелерін тыңдады.
Халықпен ашық диалог – біздің жұмысымыздың басты қағидаты. Бірлесе атқарған іс қана ауданымыздың тұрақты дамуына негіз болмақ.