Көкпекті ауданының әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы Қойгелді Аухадиев ауылдық округіне қарасты Үкіліқыз ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Көкпекті ауданының әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы Қойгелді Аухадиев ауылдық округіне қарасты Үкіліқыз ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы Ұлы Отан соғысының Батыры Қойгелді Аухадиев ауылдық округіне қарасты Үкіліқыз ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімі Ержан Ниязбекұлы 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, биылғы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Одан кейін ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2026 жылға арналған негізгі міндеттері туралы ақпарат беріп, тұрғындардың ұсыныстары мен сұрақтарын тыңдалды.

Тұрғындар тарапынан келесі мәселелер көтерілді:
– қосымша түнгі жарықтандыру шамдарын орнату;
– ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу.

Барлық көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.