Көкпекті ауданының әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы Теректі ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Көкпекті ауданының әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы Теректі ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес, Нұрбек Тұрсынқанұлы алғашқы кездесуін Теректі ауылдық округінің тұрғындарымен бастады.

Кездесу барысында Теректі ауылдық округінің әкімі Талғат Латфулұлы 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, биылғы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Одан кейін, аудан әкімі ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2026 жылға арналған негізгі міндеттер туралы ақпарат берді, тұрғындардың ұсыныстары мен сұрақтарын тыңдады.

Тұрғындар тарапынан келесі мәселелер көтерілді:
– ауылда жаңа тұрғын үйлер салу қажеттілігі;
– ауылдық округтің кіріс көздерін ұлғайту арқылы жаңа жобаларды іске асыруға қолдау көрсету.

Барлық көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.