
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Сәрсенбаев Ержан Әділханұлы, Абай облысы ветеринария басқармасына қарасты «Көкпекті-Вет» ШЖҚ КМК басшысы Смыков Даулет Сәбитұлы және аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Байсегиров Серік Дүйсембайұлы қатысты.
Қабылдау барысында ауданымыздағы эпизоотиялық ахуал жан-жақты талқыланды. Мал арасында жұқпалы аурулардың алдын алу, жоспарлы вакцинация жұмыстарының жүргізілуі, ветеринариялық қауіпсіздік шараларының сақталуы және елді мекендердегі мал қорымдарының жағдайы қаралды.
Сонымен қатар ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту, шалғай ауылдық округтерді толық қамту, мал иелерімен түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі тірегі. Сондықтан мал саулығы мен ветеринариялық қауіпсіздік – тұрақты дамудың маңызды кепілі.
Тиісті сала басшыларына эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді. Жұмыс тұрақты бақылауда болады.