Аудан әкімі Көкпекті ауылындағы ДЭУ-29 мекемесінің жұмысымен арнайы танысты.

Аудан әкімі  Көкпекті ауылындағы ДЭУ-29 мекемесінің жұмысымен арнайы танысты.

Аудан әкімі Көкпекті ауылындағы ДЭУ-29 мекемесінің жұмысымен арнайы танысты.

Аталған мекеме Омбы – Майқапшағай республикалық маңызы бар автомобиль жолының 161 шақырымында күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізіп, қыс мезгілінде қар тазалау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларымен айналысады.

Мекеме басшысы Гүлдарай Закарьяқызы жаңартылған әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарды және жаңа техникаларды таныстырды. Заманауи техникамен жабдықталуы – қысқы маусымда жолды уақытылы ашып, жүргізушілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік береді.

Гүлдарай Закарьяқызын танымайтын аудан тұрғыны кемде-кем десек, артық емес. Көршілес аудандардың көлік жүргізушілері де оның еңбегін жоғары бағалап, талай мәрте алғысын білдірген. Бұл – кәсібіне адалдықтың және жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Ауданымыз – қар қалың түсетін өңірлердің бірі. Сондықтан мұндай стратегиялық маңызы бар мекеменің жұмысы біз үшін аса маңызды. Қысқы кезеңде жолдың ашық болуы – тек қатынас емес, бұл – қауіпсіздік, экономика және халықтың күнделікті тіршілігі.

Жол қызметкерлерінің тынымсыз еңбегіне алғыс білдіремін. Жұмыстарыңызға сәттілік, техникаларыңызға береке тілеймін!